Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сасу"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Бес жүз бес сөз.—Алматы → Бес жүз бес сөз.— Алматы, Рауан, 1994. → Рауан, 1994 жы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сасу. Бұзылу, шіру, иістену орпына «сасу» сияқты сөзді де қолдана береміз. «Базарда ет арзан екен, саситын болған соң бере салдым» (С. Жүнісов, Жапанда.).«Сасу» етістігінің алғашкы түбірі —«сас», ал әуелгі мағынасы сәл өзгеше әрі түркі тілдерінен шыққандығын бірден айтуға болады. Осы түбірге (сас) дыбыстық жағынан сәйкес басқа түркі тілдеріндегі сөздер біздің тіліміздегі «иіс» мағынасында қолданылады: туваларда — чыт, якут тілінде сыт, хакасша — чыс, чувашгарда — шаш. Түркі тілдерінде ч, с, т, ш дауыссыздары мен а, ы дауысты дыбыстарының бірінің орнына бірі қолданыла беретін заңдылықты қайталап жатпасақ та болады. Сайып келгенде «чыт», «сыт», «чыс», «шаш», ең соңында біз талдап отырған «сасудың» түбірі «сас»— алғашқы кезде бір дыбыстық құрамда болған да, кейін келе әр халықтың өзіне тән тіл заңдылығына қарай сәл өзгеріске түскен. Кім біледі, біздегі —«иіс», түрікмендердегі —«ыс» тұлғалары да сол дыбыс өзгерістерінің туындысы болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, «сасу» етістігінің алғашқы түбірі «сас» екені және ол ертеректе біздің тілімізде де қазіргі «иіс» сөзінің орнына қолданылғаны күмән келтірмейді. Оған, әсіресе, чуваш тіліндегі «шаш» тұлғасы куә болғандай. «Сасу» дегеніміз қазіргі «иістену» дегенмен барабар.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify