Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сейдулла Оспанов"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сейдулла Оспанов (17.10. 1918 жылы туған, Сырдария ауданы) – қызметкер. Қазақстан ОК-нің мүшесі. Қызылорда темір жол техникумын бітірген (1939). 1941 – 47 жылдары Қызылорда облысы кеңес ұйымдарында кадр бөлімі меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің меңгерушісі, 1947 – 53 жылдары Қармақшы 1953 – 57 жылдары Жаңақорған, Шиелі аудандарының 1-хатшысы қызметтерін атқарған. 1957 – 59 жылдары Қызылорда облысы партия к-тінің 1-хатшысы, 1959 – 62 жылдары облысы атқару комитетінің төрағасы, 1963 – 79 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында әр түрлі қызметтерде болды. Оспанов Қазақстан Жоғарғы кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланған. Ленин, үш мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы