Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Набат Ойнарова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Набат Ойнарова (13.3. 1947 жылы туған, Арал ауданы Құмбазар ауылы) – әнші әрі жыршы. Қазалы ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1966). 1966 жылы Арал ауданы мәдениет үйінің жанынан құрылған «Қазанғап» атындағы домбыра оркестрінде Т. Ерғалиев, А. Мәдединов, Т. Қосановтармен бірге жұмыс істеген. 1966 жылы Қазақстан мәдениет министрі Қ.Омаровтың шақыртуымен Алматы эстрадалық студиясы жанындағы Ғ. Құрманғалиевтің әншілер класына алғашқылардың бірі болып қабылданды. Студия қабырғасында Қазақстанда тұңғыш құрылған «Гүлдер» ансамблінің құрамына алынды. Ол Сыр сүлейлері Базар, Нұртуған, Нұрмағамбет, Еспембеттердің терме-толғауларын республика жұртшылығына ғана емес шетел сахнасында да (Германия, Финляндия, Швеция) шырқаған. 1987 жылдан Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының жанынан ашылған «Халық әні» кафедрасының «жыраулар класына» дәріс береді.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub