Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мақсұт Нұрылдаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Жалағаш ауданы → Жалағаш ауданы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Мақсұт Нұрылдаев (1927, Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылы – 24.11.2004, сонда) – еңбек ардагері. Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қайраткері (1971). Қызылорда ауыл шаруашылық техникумын (1947), Шымкент партия-кеңес мектебін (1961) бітірген. 1941 – 45 жылдары «Еңбекші» ұжымшарында есепші, 1948 – 50 жылдары Қаракеткен МТС-нда агроном қызметтерін атқарған. 1952 – 57 жылдары «Ленин» ұжымшарында агроном әрі бастауыш партия ұйымының хатшысы болды. 1961 – 77, 1981 – 87 жылдары «Жаңаталап» кеңшарында бас агроном, ауылдық кеңестің төрағасы, агроном қызметтерін атқарған. 1977 – 81 жылдары «Коммунизм» кеңшарының директоры болды. «Ленин» орденімен (1971) марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub