Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алыптың азабы"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, энциклопедиясы - Алматы → энциклопедиясы — Алматы, 2011. ISBN → 2011 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:04, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
«Алыптың азабы», жинақ. Авторы - Д. Досжанов. 1997 ж. «Рауан» баспасы шығарған. Кітап 3 бөлімнен құралған. Біріншісі - «Алыптың азабы» романы, екіншісі - әңгімелер, үшіншісі - «Түсіне соғыс кіретін кісі» повесі. Роман Әуезовтің өмір жолына арналған, ғұмырнамалық дерекке, мұрағат құжаттарына, көз көрген кісілердің естелігіне сүйеніп жазылған. Автор көп жыл ізденіп, мол еңбек еткен. Сондай-ақ Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағатындағы материалдарға, жазушының қалтарыста қалған қолжазбаларына иек сүйеген әрі классикалық өмірбаяндық шығармаларға табан тіреген. Ұлы жазушының абақтыда жатқан кездегі рухани азабын, жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырауын оқиға желісі етіп алып, суреткер-ұстаздың «айтып кеткен, айтсам деген, жазбақшы болып ниеттенген ой ұшқынын» оқырманның көз алдынан тізілтіп өткізеді. Кітаптың көлемі 32 баспа табақ.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/>