Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Фучжулэй"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанба using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

ФУЧЖУЛЭЙ (т. ж. б. — б.з.б. 20 ж.) — ғұндардың оңтүстік бөлігінің тәңірқұты (б.з.б. 31 — 20), Хуханье шаньюйдің баласы. Б.з.б. 31 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері ретінде Фучжулэй-жоди шаньюй лауазымын алады. "Жоди” қосымшасы “құрметтеуші” (императорды мойындаушы деген сөз) және егемендіктен бас тартқан дегенді білдіреді. Б.з.б. 25 ж. ол Қытай императорын мойындайтынын білдіру үшін император сарайына барып ант береді. Сөйтіп, ол да әкесі сияқты Қытай бодандығында ғұндарды биледі. Қайтыс болғаннан кейін таққа інісі Сэусйе-жоди отырды.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify