Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шағырай Төбетұлы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Қазақ Энциклопедиясы, 9 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ эн using [[Project:AWB|AWB]]) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Шағырай Төбетұлы (1836, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылы — 1933, сонда) — әнші-ақын. Жас кезінде Біржан салға ілесіп, шәкірт болған. Өзі ән шығармаса да халық әндерін, ұстазы Біржан мен Арқаның басқа да әйгілі әншілерінің шығармаларын орындап, әнші-ақын ретінде танылған. Нұралы (1897), Есенбай (1903), Доскей (1923) тәрізді белгілі ақындармен айтысқан. Кейбір өлең-жырлары Солтүстік Қазақстан облысы “Бостандық туы” газетінде жарияланған. Қопабайұлы Қарсақпен айтысы (1923) арнайы жинақта (“Айтыс”, 3-том, 1966) басылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>