Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тілеулин Серік Жұмағалиұлы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: ҒА-ның → ғылым академиясының using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Тілеулин Серік Жұмағалиұлы (6.1.1926 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ.) – биология ғылымының докторы (1987), профессор (1989). Қазақ мемлекеттік медициналық институтын (1950, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Алматы қаласында дәрігер (1950–57), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1957–66), 1966 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Физиология институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. Ғылыми еңбектері негізінен нейрофизиология саласына арналған. 120-дан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>