Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұхаммед Карминаги"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мұхаммед Карминаги
МҰХАММЕД КАРМИНАГИ, Мұхаммад Вафа ибн Мұхаммад Захир Карминаги (1685 – 1769) – Бұхара тарихшысы. Вафа Қази атымен де танымал болған. Мұхаммед Карминаги классикалық парсы әдебиетімен танысып, араб тілін меңгерді, өлеңдер жазды. Бұхар хандығын Әбайдолла хан (1702 – 1711) билеген кезде кітапхана меңгерушісі (китабдар) қызметін атқарды. Мұхаммед Карминаги бұл қызметті келесі билеуші Абул-Пайыз ханның (1711 – 1747) және Бұхарадағы жаңа орны Маңғыт әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахымның (1755 – 1759) кезінде де атқарған тәрізді. Мұхаммед Карминаги парсы тілінде “Тухфат-ал-хани” (“Хан сыйлығы”) атты еңбек жазды. Бұл шығарма “Тарих-и-Рахим хан” (“Рахым ханның тарихы”) деген атпен де белгілі болды. “Хан сыйлығында” автордың “Шухрат” деген жасырын атпен (тахаллус) берілген өлеңдері де кездеседі. Оның басқа шығармалар жазған-жазбағаны беймәлім. Мұхаммед Карминаги өз еңбегінде 1759 жылға, яғни Мұхаммад Рахым ханның қайтыс болған кезіне дейінгі оқиғаларды қамтыған. “Тухфат ал-ханиге” байланысты материалдар Ташкент, Душанбе, Санкт-Петербург, Қазан қалалары кітапханаларында сақталған. Мұхаммед Карминагидің еңбегі 18 ғасырдағы қазақтардың Бұхар хандығымен қарым-қатынастары, оның тарихы жөніндегі маңызды тарихи ескерткіш болып есептеледі. Онда қазақтардың Бұхар хандығындағы саяси тартыстарға қатысуы, маңғыттармен одақтастық қарым-қатынастары жөнінде бағалы деректер баяндалған.
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/> 1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.