Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Литовченко Никита Васильевич"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Литовченко Никита Васильевич (1919, Атбасар ауданы Новопетропавловка ауылы) – металлург ғалым, техника ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969). 1942 жылы Магнитогорск металлургия институтын бітіргеннен кейін Магнитогорск металлургия комбинатында жұмыс істейді. 1946 – 76 жылдары Кен-металлургия институтында ассистент, доцент, профессор, 1974 жылдан кафедра меңгерушісі, 1976 жылдан Липецк политех. институтының проф-ы қызметтерін атқарған. Литовченко зерттеулері негізінде Кривой Рог, Череповца, Батыс Сібір металлургия зауыттарында, «Азовстальда», сондай-ақ шетел кәсіпорындарында прокат стандары жобаланған. Литовченко – 3 оқулықтың, 12 монографияның авторы. Орден, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер</span>
«Ақмола облысы» энциклопедиясы