Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қасымбек Медиев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Кіріспе бөлімін өңдеді)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Қасымбек Медиев (1938 ж. т.), қоғам қайраткері. Қарағанды педагогикалық институтын (1963), ҚОКП ОК жанындағы Жоғарғы парт. мектебін (1970), Алматы халық шаруашылығы институтын (1977) бітірген. Ол 1960-1965 ж. Шет, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандық комсомол комитетінің 2-,1-хатшысы, Қарағанды облысы комсомолкомитегініңхатшысы Қ. Медиев. болды. 1965 ж. парт. қызметте. Егіндібұлақ ауданы парт. комит. хатшысы, Қарағанды облысы парт. комит. жауапты қызметкері. 1973 ж. жаңадан құрылған Акадыр ауданы кеңес атқ. комит. төрағасы, 1985 ж. Жезді ауданы партия комит. бірінші хатшысы, 1988 ж. Жезқазған облысы партия комит. 2-хатшысы, 1990 ж. Жезқазған облысы кеңесі атқ. комит. төрағасының 1-орынбасары болып сайланды. 1992-97 ж. Шет ауданы әкімі. 1999 жылдан Қарағанды облысы Мәслихатының хатшысы болып істейді. 11-12-шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Құрмет», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, ҚазКСРЖоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. ҚР еңбек сіңірген қызметкері. Ақтоғай, Шет ауданы құрметті азаматы. «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы (2005).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала