Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбдәлі Тоқбергенұлы Нұрәлиев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: – 2011. → ., 2 томдық → Екі томдық, 2011. → 2011 жыл. using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Әбдәлі Тоқбергенұлы Нұрәлиев 1959 жылы 5 наурызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңасаз ауылында туған. Қазақ. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының механикалық факультетін (1981) бітірген, инженер-механик. Техника ғылымдарының кандидаты (2001). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қамыр бөлушінің тиімділігін арттыру». Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан ХДП» мүшесі. 1976 жылдан - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының студенті. 1981 жылдан - Торғай облысы Жақсы, Челгашин, Державин элеваторларының шебері, мөханигі, бас инженері, директоры. 1989 жылдан - Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бурное-нан қабылдау кәсіпорынының директоры. 2001 жылдан - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары. 2003 жылдан - Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі. 2007 жылдан бері - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов атындағы ауданның әкімі. «Құрмет орденімен» (1999); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Хоббиі - кітап оқу. Үйленген. Жұбайы - Құлекеева Сағынкүл, Жамбыл облыстық мәслихатының бас маманы. Балалары - Бекжігіт (1981 жылы туған), Алтынай (1983 жылы туған), Жұлдызай (1990 жылы туған), Құралай (1993 жылы туған). Немерелері - Бекарыс, Жәнел, Ақарыс, Нұрхан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub