Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ерлан Хасенұлы Текешов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: – 2011. → ., 2 томдық → Екі томдық, 2011. → 2011 жыл. using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ерлан Хасенұлы Текешов - 1964 жылы 2 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында туған. Қазақ. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Гидрогеология және инженерлік геология» факультетін (1993) тау-кен инженері-гидрогеолог мамандығы бойынша; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін (2003) заңгер мамандығы бойынша; Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық мемлекеттік университетін (2008) қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
- 1982 жылдан - ШҚО Тарбағатай аудандық «Ауыл шаруашылығы химиясы» өндірістік бірлестігінің түрлі саладағы жұмысшысы.
- 1983 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1985 жылдан - ШҚО Тарбағатай аудандық атқару комитеті аппаратының сантехнигі (Ақжар ауылы).
- 1986 жылдан - Шығыс Қазақстан шахмат-дойбы клубының Ақжар ауылдық бөлімшесінің нұсқаушысы.
- 1988 жылдан - ШҚО Глубокое ауданының Ертіс бойы геологиялық барлау далалық экспедициясының техник-геологы.
- 1991 жылдан- ШҚО Глубокое ауданының Ертіс бойы геологиялық барлау далалық экспедициясының гөохимиялық отрядының 1-ші санатты геологы.
- 1992 жылдан - ШҚО Глубокое ауданының Белоусовка геологиялық-өнеркәсіптік кәсіпорнының геологы.
- 1993 жылдан - Ақжар геологиялық барлау кәсіпорынының геологы, Алтынкен геологиялық барлау кәсіпорынының геологы (Ақжар ауылы, ШҚО).
- 1996 жылдан – ШҚО Сауда және қызмет көрсету департаментінің штаттан тыс инспекторы.
- 1999 жылдың тамызынан - Өскемен, Лениногор қалаларындағы тауарларды нарықта тарату құқығы үшін алымды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше директоры.
- 1999 жылдың қазанынан - ШҚО Сауда және қызмет көрсету департаментінің «Дәулет» КМК директоры.
- 2002 жылдан - ШҚО әкімі аппаратының «Дәулет» КМК директорының орынбасары.
- 2007 жылдан - ШҚО әкімі аппаратының «Істерді басқару» КМҚК бас директорының м.а., бас директоры.
- 2008 жылдың қарашасынан - Өскемен қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі инвестициялар және әлеуметтік сала секторының бас маманы м.а., бас маманы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің бастығы.
- 2009 жылдың сәуірінен - Өскемен қаласы құрылыс бөлімінің бастығы.
- 2009 жылдың қазанынан - ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары.
- 2010 жылдың тамызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>