Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Едіге Ақатұлы Есенов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Хронологиясы: clean up, replaced: – 2011. → ., 2 томдық → Екі томдық, 2011. → 2011 жыл. using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Едіге Ақатұлы Есенов - 1957 жылы 11 шілдеде Көкшетау қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Исенов Ақат Сәдуақасұлы, марқұм, жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Мәмбеталина Күлмайрам Рүстемқызы, марқұм, тігінші болып жұмыс істеген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

Хронологиясы

  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген (1979),
  • Орта мектептегі физика пәнінің мұғалімі.
  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).
  • 1974 жылдан - қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнының жұмысшысы.
  • 1975 жылдан - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының студенті.
  • 1979 жылдан - Көкшетау облысы Чистяков ОМ физика пәнінің мұғалімі,
  • 1981 жылдан - сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс ұйымдастырушысы.
  • 1983 жылдан - Ленинград аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1986 жылдан - Көкшетау облысы «Бостандық» кеңшарының партия комитетінің хатшысы,
  • 1991 жылдың қыркүйегінен - кеңшар директорының өндіріс және коммерция жөніндегі орынбасары.
  • 1991 жылдың қарашасынан Көкшетау облысы ның Қазақстан Социалистік партиясы облыстық атқару комитетінің істер басқарушысы.
  • 1992 жылдан - Көкшетау облысы «Бостандық» кеңшары директорының жабдықтау және коммерция жөніндегі орынбасары.
  • 1993 жылдан - Көкшетау облысы «Раздольный» кеңшары дирөкторының идеологиялық жұмыс және коммерция жөніндегі орынбасары.
  • 1997 жылдың ақпанынан - Көкшетау облысы «Өзен» ӨК директорының орынбасары.
  • 1998 жылдан - «Қазоты» ЖШС директоры.
  • 2002 жылдан - Ақмола облысы «Исенов» шаруа қожалығының басшысы.
  • 2005 жылдан - Ақмола облысы бойынша Көші-қон комитеті басқармасының жетекші маманы,
  • 2006 жылдан - бас маманы,
  • 2007 жылдан - басқарма бастығының орынбасары.
  • 2008 жылдан - Ақмола облысы бойынша Көші-қон комитеті департаменті директорының орынбасары,
  • 2009 жылдан - департамент директоры, директордың орынбасары, дирөктордың м.а.
  • 2009 жылдың қазанынан бері - Ақмола облысы бойынша Көші-қон комитеті департаментінің бастығы.
  • Көкшетау аудандық мәслихатының 1-ші шақырылымының депутаты (1994-1998).

Әскери атағы - сержант. Діни көзқарасы - «[[Барлық діни бағыттарға құрметпен қарайды». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «[[Қазақстан неғүрлым бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қауымдастығына қосылады». Хоббиі - балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Исенова Алма Рахымжанқызы, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы колледждің дәріскері. Қыздары - Әсел, ОМ бухгалтері; Қымбат, қалалық соттың жетекші маманы; Әйгерім, студент.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub