Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Иван Фомич Павлов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Kasymov Павлов Иван Фомич бетін Иван Фомич Павлов бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Павлов Иван Фомич- (25.6. 1922, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы – 12.10.1950) – қазақстандық ұшқыш, майор (1948), 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры (4.2.1944 және 23.2.1945 жылдары).
- 1940 жылы Қызыл Армия қатарына алды.
- 1942 Чкалов әскері ұшқыштар мектебін бітірген.
- 1949 Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген (1949).
- Соғысқа 1942 жылы желтоқсаннан қатысты. Ұшқыш, аға ұшқыш, звено командирі, авиаэскадрильяның командирі, штурмандар авиаполкінің штурманы болды. Калинин, Орталық, 1-Прибалтика майдандарында 200-ден аса әуе шабуылына қатысып, жеке өзі жаудың 3 ұшағын атып түсірді. Жауынгерлік міндетін атқару үстінде қазаға ұшырады. 2 рет Ленин, 2 мәрте Қызыл Ту, Александр Невский, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Павлов мүсіні Қостанай қаласында орнатылған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Дереккөздер
<references/>