Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мүбәрәк Ятаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Алфавит бойынша тұлғалар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мүбәрәк Ятаев (15.1.1922, Түлкібас ауданы Сарыбұлақ ауылы – 26.5.1968, Алматы) – алғашқы ғалымдардың бірі, физика-математикалық ғылым кандидаты (1952), доцент (1956). Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын (1942), Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын (1950) бітірген. 1942 – 1946 ж. әскер қатарында болып Польша және Чехословакия жерін азат етуге қатысқан. 1950 – 1968 ж. ҚазПИ-дің математикалық анализ кафедрасында қызмет істеді. Ятаевтың еңбегі негізінен қозғалыстың орнықтылық теориясына арналған. Ол 30 шақты ғылым еңбектің авторы. Симпозиумдар мен 4-халықараралық математикалық конгрестің жұмысына қатысты.