Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әлімжан Қатбайұлы"
ш (Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Қазақ әдебиеті) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Әлімжан Қатбайұлы (1935, ҚХР Текес ауданы Қамыстыбұлақ мекені - 23.11.1988, Үрімжі қаласы) - ақын, аудармашы. Шыңжаң институтын бітірген (1954). 1954 - 1967 ж. "Шыңжаң оқу-ағарту" журналында редактор, тілші, осы журналды алғашқы шығарушылардың бірі болған. 1962- 1974 ж. Шыңжаң халық баспасында редактор, 1974 жылдан өмірінің соңына дейін Шыңжаң оқу-ағарту баспасында қызмет етті. 600-ге жуық өлеңі, 10-га жуық дастаны, 20-дан аса әр тақырыптарға арналған мақала-очерктері бар. Қытайдың әйгілі ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ мектептері үшін тіл-әдебиет оқулықтарын құрастыру, аудару-редакциялау жұмыстарын атқарды. Қытайдағы қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан.
Шығармалары:
- Белес (өлеңдер). Ү., 1981;
- Аққулар қайда барады (киносценарийлер), Ү., 1992.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify