Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
18:43, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Суретші Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (Үлгі:Туғанкүні, Алматы — Үлгі:Қайтысболғанкүні, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002).
Өмірбаяны
Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды.
- 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
- 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.
- 1947-1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды.
- 1956-57 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.
- 1971—1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші.
- 2013 жылы Алматыда қайтыс болды.
Шығармашылығы
Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің "Ер Тарғыны", 1967; Мұхамеджановтың "Жұмбақ қызы", 1972; Пуччинидің "Чио-Чио-Саны", 1972), балет (Тілендиев, Манаев жөне Степановтың "Достық жолымен" және Великановтың "Қамар сұлуы", 1958), спектакль (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы", 1958) және кинофильмдерге ("Қыз Жібек", 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" (1962), "ұйғыр қыздары" (1966) картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының (1967), Ш.Б. Жиенқұлова (1958), Ш.И. Жандарбекова (1960-1961), Б.А. Төлегенова (1963-1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.
Ойнаған рольдері
1950 жылдан киноға түскен:
- Тыгрена ("Аласталған Алитет")
- Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957)
- Тана ("Қыз Жібек", 1972) т.б.
Марапаттары
- 1958 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
- 1965 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді;
- 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Леннің туғанына 100 жыл» медалі;
- 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
- 1987 жылы Қазақ КСРнің халық суретшісі құрметті атағы берілді;
- КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
- 1999 жылы президенттің жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды;
- 2002 жылы «Платинды Тарлан» премиясының лауреаты атанды;
- 2009 жылы елбасының жарлығымен Қазақ өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты 1 дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>