Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гауһар Исаева"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Шелек ауданы) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Гауһар Исаева - 1951 жылы 10 қаңтарда Алматы облысы, Шелек ауданындағы «Қазақстан» кеңшарында туған. Ж.Қайыпов атындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскен. Қазақ радиосында жұмыс істеген. Қазіргі кезде акционерлік-коммерциялық банк кеңесінің төрағасы және Дүниежүзі кәсіпкер қазақтары орталығының бас директоры. «Жалын» баспасынан «Бетбұрыс», «Теңізші» повестері мен әңгімелер жинағы жарық көрген. «Қайнар» баспасынан деректі повесі, очерктері жеке кітап болып шыққан.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>