Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұрат Құрбанбаев"
(Cat-a-lot: Қосылуда... Санат:1950 жылы туғандар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мұрат Құрбанбаев<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1950 жылы туған, Маңғыстау ауданы) – мұнайшы. ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) (1972), Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын (2001) бітірген. 1972 – 92 жылдары «Өзенмұнай» өндірістік бірлестігінде мұнай және газ өндіру операторы, ауысым бастығы, өндірістік бірлестік бастығы, 1992 – 98 жылдары ҚР Энергетика және отын қорлары министрлігінің мұнай және газ өндіру Бас басқармасы бастығының орынбасары, бас инженер, 1998 – 2001 жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті, президент, 2001 – 02 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-да техник- директор болды. 2004 жылдан «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының «Өзенмұнайгаз» өндірістік бөлімшесінің директоры. «Құрмет» орденімен (2000), «Шапағат» медалімен (2007) марапатталған.
Дереккөздер
<references/>