Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мырзайыр"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: [[[[Маңғыстау энциклопедиясы]]]] → Маңғыстау энциклопедиясы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

МырзайырМаңғыстау ауданындағы Үштаған құмының батыс бетіндегі шұңғыл ойпаң. Шығыс, батыс, солтүстік жағын әктасты тау жоталары, қырат, оңтүстік жағын шағыл құм қоршап жатыр. Ойпаң табанының батыс бөлігі құрақ, т.б. шөптер өскен. Шығысы тақыр, тау іргелей сор. Шығыс шетінде таудан қиялап түсетін жалғыз аяқ жол бар. Мырзайырдың ортасын шеті Тасбастан басталып, Шетпе – Үштаған жолына қосылатын қатқыл табанды жол өтеді. Шөптесіндер ішінде суы тұщы құдық орналасқан. Құм ішінде Ащыегіз, Тұщыегіз атты екі құдық бар. Мырзайырдың батыс жағы Басқұдық деп аталады. Осы аттас елді мекен бар. Басқұдық шағын, тұщы сулы кен орны саналады. Одан кезінде Бекі ауылына су құбыры тартылған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub