Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Хажы Қонарбайұлы Оңғалбаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: [[[[Маңғыстау энциклопедиясы]]]] → Маңғыстау энциклопедиясы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Хажы Қонарбайұлы Оңғалбаев (1903, Красноводск – 1930) – қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Он алты жасқа дейін Красноводскідегі орыс мектебінде, темір жол училищесінде оқыған. Уездік басқармада курьер, 1922 – 25 ж. Адай уезінде, Теңіз уезінде прокурордың көмекшісі, прокурор, 1925 – 27 ж. Қарабусол тресі меңгерушісінің орынбасары (Баку), 1927 – 28 ж. уездік қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оңғалбаев түбекте аштықпен күрес, жұт зардабын жою, халық ағарту ісінде көзге түскен. 1928 – 29 ж. Форттағы түрмеде отырған. 1929 ж. 18 ақпанда қайта тергеуге алынып, Гурьев (қазіргі Атырау) түрмесінде ОГПУ үштігінің үкімімен атылды.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>