Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Оңдасын Дәрменұлы Биғожа"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Нұрлан Рахымжанов Биғожа Оңдасын Дәрменұлы бетін Оңдасын Дәрменұлы Биғожа бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Биғожа Оңдасын Дәрменұлы (1951 жылы туған, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (2007). Гурьев педагогика институтын (қазіргі Атырау университеті) бітірген (1972). 1972 – 79 ж. Тұщықұдық, Шетпе орта мектептерінде оқу ісінің меңгерушісі, 1979 – 90 ж. Маңғыстау ауданы партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 – 92 ж. Маңғыстау облысы білім беру басқармасында жетекші маман, 1992 – 96 ж. «Комсомолмұнай» мұнайгазөндіру бірлестігінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы болды. 1996 жылдан қазіргі Ақтау мемлекеттік университетінде оқытушылық қызмет атқарады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>