Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жұмахан Бекмұратов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: [[[[Маңғыстау энциклопедиясы]]]] → Маңғыстау энциклопедиясы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Бекмұратов Жұмахан (1922, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы – 1982) – соғыс ардагері, ауыл шаруашылық маманы. Орал ауыл шаруашылығы мектебін бітірген (1956). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944– 53 ж. Ақорпа, Жаңа құрылыс ұжымшарында бас есепші, басқарма төрағасы болды. 1956 – 82 ж. Маңғыстау ауданы ұжымшарында басқарма бастығы, аға экономист, бас есепші қызметтерін атқарды. 3-дәрежелі Даңқ, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify