Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбу Атшыбаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: [[[[Маңғыстау энциклопедиясы]]]] → Маңғыстау энциклопедиясы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Әбу Атшыбаев<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>(1925, Атырау облысы Қияқ ауылы – 2004) – мұнайшы, инженер.
- Мәскеу мұнай институтын (1952), Жоғары партия мектебін (1959) бітірген.
- 1952 – 53 жылдары Құлсары мұнай өндіру кәсіпшілігінде оператор, өндіріс-техника бөлімінің бастығы, 1953 – 55 жылдары Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде бас инженер, 1955 – 57 жылдары Қошқар мұнай өндіру кәсіпшілік басқармасында партбюро хатшысы, 1959 – 73 жылдары Қазақстан КП Мақат аудандық комитетінде 1-хатшы, Атырау облысы партия мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 1973 – 85 жылдары Маңғыстау облысы халықтық бақылау комитетінің төрағасы болды.
- Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, «Қазақ жерінің қара алтыны» (1994) атты кітаптың авторы.
Дереккөздер
<references/>