Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жәрдем Кейкин"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жәрдем Кейкин (1925 ж. т., Атырау облысы) – қайраткер, экономикалық ғылымының кандидаты (1971), Алматы зооветеринарлық инcтитутын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1964). 1941 – 43 ж. Мақат ауданы «Социалистік Ембі» газетінің жауапты хатшысы, 1943 – 47 ж. Қазақ КСР-і Мемлекеттік қауіпсіздік комитеттінің офицері, 1948 – 56 ж. Жылыой ауданы комсомол комитеттінің 1-хатшысы, Қазақстан Комсомол ОК-нің нұсқаушысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Жылыой ауданы комитеттінде бөлім меңгерушісі, 1957 – 59 ж. Қазақстан Коммунистік партиясы Жылыой мен Теңіз ауданы комитеттерінің хатшысы, 1959 – 66 ж. «Сүйіндік» асылтұқымды қой кеңшарының директоры болып істеген. 1966 – 73 ж. Атырау облысы атқару комитетті төрағасының орынбасары, 1973 – 80 ж. Қазақстан Коммунистік партиясы Маңғышлақ облысы комитеттінің хатшысы, 1980 – 85 ж. ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесінің вице-президенті қызметтерін атқарған. 1986 жылдан зейнеткер. 4 орденмен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub