Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ишан Қожа жер асты мешіті"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ишан Қожа жер асты мешіті – дәстүрлі діни сәулет өнері ескерткіші. Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласының оңтүстік жағынан 30 км жерде орналасқан мешіт Ишан қожа қорымының (кейбір деректер бойынша Сейіт қожа) шетіндегі төбенің жартасынан қашалып жасалған үңгір ғимарат. Мешіттің кіреберісі оңттүстікке қараған; аласалау дәлізіне өң-делмеген беті тегіс тастар төселген. Шығысындағы намаз оқитын бөлменің оңтүстік қабырғасынан михраб қашалып жасалған. Мешіт құрылысы жақсы сақталған. 18 – 19 ғ-лардағы дәстүрлі діни сәулет өнерінің ғимаратына жататын мешіт жанындағы қорымда 50-ге тарта ескерткіштер шоғырланған. Ел аузындағы және тарихи деректерге қарағанда бұл өңірде 18 – 19 ғ-ларда балық аулау кәсіпшілігімен айналысқан түрікменнің қожа тайпасының елі жайлаған. Осыған байланысты қорымдағы ескерткіштерде белгіленген таңбалардың көбі қожа тайпасының, яғни шеңбер тәрізді, тек аз ғана бөлігі ғана адай тайпасының қа-біртастары саналады. Мешіт құрылысы Маңғыстау облысы әкімінің шешімімен 2002 ж. жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>