Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Райхан Бурнашева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Райхан Бурнашева (22.10. 1934 жылы туған Құлжа қаласы) — археолог, ғалым, тарих ғылым кандидаты (1966). 1960 жылы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1958 жылы ӨзбКСР FA Тарих және археология институтында бастаған. 1961— 66 жылы Ленинградта аспирантурада болған. 1967 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына ауысқан. Нумизматика саласы бойынша бірден-бір маман. Бурнашева ғылым ізденістерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлеріндегі ортағасырлық қалалардағы ақша айналымы, экономикалық-әлеуметтік қатынастар өрбітіледі. Қалаларда жұмыс істеген мәнет сарайларын анықтаған. Ғалымның еңбектерінде Отырар мен оның алқабындағы ерте және кейінгі орта ғасырлар кезеңіндегі нумизматикалық материалдар талданған. 80 шақты ғылыми еңбектер мен зерттеулердің авторы.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub