Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Косов Николай Дмитриевич"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Косов Николай Дмитриевич (2.12.1922, Қостанай қаласы – 12.3.1995, Алматы) – ғалым, физика-математика ғылым докторы (1973), профессор (1974). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 ж. ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазҰУ-ды) және оның аспирантурасын (1950) бітірген. 1950 – 59 ж. ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, 1959 – 63 ж. физика факультетінің тұңғыш деканы, 1963 – 94 ж. кафедра меңгерушісі болды. Оның негізгі ғылыми еңбектері тасымалдау құбылыстарын (газдар мен сұйықтықтардағы диффузия) зерттеуге арналған. Медальдермен марапатталған.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 11 - том