Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қашқынбай"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Қашқынбай Кемелұлы (шамамен 1789 – 1869) – батыр. Сыр өңірінде өмір сүрген. Кіші жүздің қожагелді руынан. Бұхарбай, Тоғанас батырлармен Кенесары Қасымов жасағында болған. Кенесары ханның баласы Тайшықты қырғыздардан босатып алу қимылдарына қатысқан. 1860 жылы күзде Тайшық пен Ахметтің Қызылқұмға орнығуына көмектескен. Қашқынбай туралы Т.Ізтілеуовтің «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында және т.б. Сыр бойы ақындарының жырларында айтылады. Жіңішкеқұмдағы батырдың зираты тұрған жер Қашқынбай есімімен аталады. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub