Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ысқақ Құнанбайұлы"
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Алфавит бойынша тұлғалар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:57, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ысқақ Құнанбайұлы (1847 жыл – 1901 жыл) – Абайдың өзінен кейінгі тете інісі.
Өмірбаяны
Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан туған. Бірақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күңкенің қолында тәрбиеленген. Ысқақ ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таныған. 1876-97 жылдар аралығында бірде Күшік-тобықты болысының, бірде Қызылмола болысының басқарушысы, бірде халық төрешісі болып қызмет атқарған. Қызылмола болысын басқарған кезінде 1890 жылы 25 қыркүйекте Батыс-Сібір генерал-губернаторы Барон Таубе оған мінсіз қызметі үшін алтындаған қыны бар қылыш сыйласа, 1897 жылы 24 тамызда әскери генерал-губернатордың 33-бұйрығымен қылмыс заңының 338, 342-ші және 362-ші баптары бойынша сотқа тартылған.
Отбасы
Ысқақ үш әйел алған. 1-ші әйелі – Мәніке, 2-ші әйелі – Мұрын Таға мырзаның қызы – Текті. Тектіден – Кәкітай туады. 3-шісі Оспанның жесірі, жеңгедей алған әйелі – Торымбала. Ал Ахметбек деген ұлының қай әйелінен туғаны туралы дерек жоқ<ref>Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>.