Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көпшілдік"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:57, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Көпшілдік – адам бойындағы бауырмалдық қасиетті білдіретін ұғым. К. адамның адамгершілік мұраттарды ардақтап, қоғамдық істерді жүзеге асырудағы қауымшылдығынан, белсенділігінен көрінеді. “Болмашы кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл!” (Абай). Отбасы мен ағайын-туыс, жекжатымен ой бөлісіп, ақылдасып атқаратын игі істердің бәрі көпшіл мінез иесіне тән қасиеттер. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, “Көп білемін деме – көптен артық білмейсің”, “Көпті сөкпе, кенді төкпе” деген халқымыз К-ті өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, тәрбиелеуге ден қойған.

Үлгі:Суретсіз мақала