Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ага"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ага - (Үлгі:Lang-la) - үлкен құрбақа, құйрықсыз қосмекенділердің ең ірі түрлерінің бірі.
Биологиялық сипаттамасы
Дене тұрқы - 25 см-ге дейін, көлденеңі - 12 см, үсті қоңыр немесе сұр, қара дақты, бауыры ақшыл болады. Көзінің үстінде сүйек төмпешігі, мойының екі жағында үлкен құлақ бездері бар.
Ага күндіз жасырынып жатып кешке жем аулауға шығады; құрт, ұлу, шыбын-шіркейлерді, кішігірім қос мекенділерді жейді
Таралуы
Ага Оңтүстік, Орталық Америкада және Антиль аралдарында кездеседі.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998