Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Котилозаврлар"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Котилозаврлар — тас көмір дәуірінің үстіңгі қабатынан белгілі болған ертеде тіршілік еткен рептилилер.

Биологиялық сипаттамасы

Мұның көптеген белгілері стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Мысалы, көпшілігінде сегізкөз омыртқасы біреу ғана,мойын бөлімі нашар жетілген, балықтарға тән иық белдеуінде тері тектес сүйек — клейтрум болады.

  • Ми сауыты сүйек қорабынан тұрады да онда көз, танау, төбе органының ғана тесіктері болады. Аяқтары қысқа,маманданбаған.

Котилозаврлардың көпшілігі өсімдіктермен, кейбір түрлері моллюскалармен қоректенген. Котилозаврлар перм дәуірінің орта кезінде жақсы дамып, оның аяқ кезінде азайып, ал триас дәуірінде мүлдем құрып біткен. Бұлардың орнын котилозаврлардың жоғары ұйымдасқан және маманданған топтары басқан. Рептилилердің бұдан кейінгі эволюциялық дамуы өзін қор-шаған ортаның алуан түрлі жағдайына сәйкес бейімделіп қалыптасты. Олар бірте-бірте түрлі қоректерді пайдалана бастайды. Осыған байланысты аяқтарының, омыртқа жотасының және ми сауытының құрылысында өзгерістер болған. Көпшілігінің аяқтары ұзын, жамбас сүйегі екі және оданда көп сегізкөз омыртқаларына бекіген. Иық белдеуіндегі клейтрум сүйегі жойылған. Бүтін ми сауыты аздапта болса редукцияға ұшыраған. <ref>«Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы</ref>

Дереккөздер

<references/>