Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Саусақты балық"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Саусақты балық — целакантәрізділер отрядының қазіргі замандағы саусаққанаттылар балықтарының өкілі болып табылады. Денесі қысқа, жуан, ірі қабыршақпен қапталған. Дене ұзындығы 180 см дейін, салмағы 95 кг дейін тартады. Миы өте ұсақ, бас қуысының 1/100 бөлігін алып жатады. Ішкі кеңсіріктері жетілмеген. Қатпаршағы бар. Құйрық жүзбеқанаты үш қалақшаға бөлінген, орталық қалағы шығыңқы, екінші арқа және анал жүзбеқанаттары жұп, түбірі бұлшық етті. Үнді мұхитының оңтүстік—батыс бөлігінде су түбіне жақын, 150—400 м тереңдікте мекендейді. Балықпен қоректенеді.<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Biosci-stub