Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Біліктік жіп"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Біліктік жіп (filamentum axiale; лат. fila — жіп, грек, axon — білік, ось) — жасушалар кірпікшелері мен талшықтарының негізін құрайтын жіпше құрылым. Оның пішіні іші қуыс түтікшеге үқсас. Біліктік жіптің қабырғасын екі-екіден топтаса орналасқан 9 жұп (дублет) шеткі микротүтікшелер құрайды. Ал қуысында 2 орталық микротүтікшелер орналасады. Біліктік жіптің негізін — жасуша цитоплазмасында орналасқан негіздік денешік құрайды. Негіздік денешіктің құрылысы жасуша центриоліне үқсас. Біліктік жіп сыртынан жасуша плазмолеммасымен қапталған.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>