Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Трофикалық қосындылар"
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Трофикалық қосындылар (белок, май, көмірсулар) — қоректік заттардың қоры және энергия көзі. Белоктың түзілуі мен жинақталуы клетка эндоплазмалық торының белсенділігіне байланысты. Бауыр клеткаларында (гепатоциттерде) көмірсулар (гликоген), май торшаларыңда (липоциттерде, адипоциттерде) май қосындылары липид тамшылары ретінде жиналады. Секреторлық (бөлінділік) қосындыларға пайдалы заттар (секреттер): сөл, сілекей,өт, гормондар (инкреттер), сүт және тағы басқалар жатады. Экскреторлық қосындыларды жануарлар организміне керек емес зиянды қосылыстар (зәр, тер) құрайды. Пигменттік қосындылар клеткалар мен ұлпаларға түр—түс береді. Оған қандағы — гемоглобин, бұлшық еттегі — миоглобин, терідегі - меланин т. б. жатады. Пигмент каротин — жемістерде, өсімдік клеткаларында түзіледі. Ол — А провитамині. Каротин жануарлар организмінде А витаминіне айналады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>