Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Миожіпшелер"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Миожіпшелер (миофибриллы); (myofibrilla, грек, mys (myos) — ет, Үлгі:Lang-la — жіпше) — ет ұлпасының жасушалары — миоциттер мен ет талшықтары — миосимпласттар цитоплазмасында болатын, олардағы жиырылу процесін іс жүзіне асыратын арнайы органелла. Миожіпшелер протеиндік бөлікшелер — миофиламенттерден (жіңішке жіпшелер) құралған. Миожіпшелердің орташа диаметрі 2-3 мкм. Қаңқа бұлшықет талшықтары мен жүрек кардиомиоциттері миожіпшелерінің құрылымдық бірлігі — миомерлер (саркомер). Олар бір-бірінен телофрагма (Z- сызығы) пердешелері арқьшы бөлінген. Миожіпшелер миозин миофиламентері — жуандау күңгірт түсті анизотропты (А) дискіні, ал актин миофиламенттері ақшыл түсті изотропты (И) дискіні құрайды. Дискілер жолақты ет ұлпаларында кезегімен орналасып, миосимпласттардағы және кардиомиоциттердегі көлденең жолақтарды анықтайды. Миожіпшелер бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттері мен көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының және жүрекет кардиомиоцитінің жиырылу процесін іс жүзіне асырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify