Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жануарлардың бағдарлануы"
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жануарлардың бағдарлануы — жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттігі; белгілі бір экологиялық жағдайға морфофизиология бейімділігі. Бағдарланудың бірнеше түрі бар: 1) оптикалық — көптеген жәндіктердің полярланған жарық, не ультракүлгін сәуле арқылы бағдарлануы; 2) химиялық — кейбір жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы дәл табуы (мыс., жібек көбелегінің аталығы 10 км жерден аналығын иіс арқылы сезеді); 3) акустикалық—жыртқыш жануарлардың өз қорегін есту арқылы ұстауы (мыс., жапалақ кеміргіштерді 15 — 20 метрден сыбдыры арқылы біледі); 4) терморецепция — жылу арқылы бағдарлану (мыс., айдаhарлар мен қалқантұмсықты жыланның тұмсығында жылуды сезетін шұңқыры болады). Көптеген төмен сатыдағы омыртқасыздар (мыс., планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай-ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал балықтар бүйір сызығы арқылы бағдарланады. Жануарлардың бағдарлану ерекшелігін, оны атқаратын органдардың құрылысын зерттеп танудың ғылым үшін маңызы зор. \== Сілтемелер == Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала