Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ван-дер-ваальс теңдеуі"
(46.227.191.130 (талқылауы) істеген нөмір 1218267 түзетуін жоққа шығарды) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ВАН-ДЕР-ВААЛЬС ТЕҢДЕУІ — нақты (реал) газдардың күйін сипаттайтын алғашқы теңдеулердің бірі. 1873 ж. голланд физигі Я.Д. Ван-дер-Ваальс ұсынған. Темп-расы және қысымы p болатын көлемі V газдың молі үшін В.-д.-В. т. мына түрде жазылады: (p + a/V2)(V—b)= =RT, мұндағы R — әмбебап газ тұрақтысы, а және b — нақты газ қасиеттерінің идеал газ қасиеттерінен ауытқуын көрсететін тәжірибелік тұрақтылар. Ал a/V2 — молекулааралық өзара әсердің нәтижесінде пайда болатын молекулалар арасындағы тартылысты ескеретін мүше (өлшемділігі — қысым), b — молекулалардың бір-біріне жақын келген кездегі тебілісін ескере отырып, олардың (молекулалардың) меншікті көлеміне ендірілетін түзету. Көлем (V) үлкен болған жағдайда (сондай-ақ, сиретілген газдар үшін де) a және b тұрақтыларын ескермеуге болады да В.-д.-В. т. идеал газ күйінің теңдеуіне ауысады; қ. Клапейрон теңдеуі. <ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том</ref>
Пайдаланылған әдебиет
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала