Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мультиплеттілік"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Мультиплеттілік<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> (латын тілінде multіplex – көп еселі) – атомның немесе молекуланың толық спинінің кеңістікте қабылдай алатын бағдарларының саны. Кванттық механикаға сәйкес мультиплеттілік = 2S+1, мұндағы S – спиндік кванттық сан. Мультиплеттіліктің мәніне сәйкес жүйе синглеттік (S=0, =1), дублеттік (S=1/2, =2), триплеттік (S=1, =3), т.б. кванттық күйлерде болуы мүмкін. Орбиталық моменті LS күйлер үшін мультиплеттілік жүйенің толық импульс моменті қабылдай алатын мәндер санын анықтайды. Спин-орбиталық (жүйенің өздік магниттік моменті мен оның орбиталық қозғалысы туғызатын магниттік өрісінің) әсерлесу салдарынан деңгей деңгейлерге жіктеліп, спектрдің нәзік түзілісі байқалуы мүмкін.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub