Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Эпсомит"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Эпсомит (Англиядағы Эпсом бұлақтарының суынан табылуына байланысты осылай аталған), рейхардтит, зиландит, күйдіргіш тұз – сульфаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы: MgSO47H2O; құрамы (%-бен): MgO – 16,3; SO3 – 32,5; H2O – 51,2; қоспалары: Fe, Nі, Mn. Ромбылық сингонияда кристалданады. Жеке кристалдары қысқа призма, ине, талшық тәрізді масса құрайды. Түсі ақ, сұр, сарғылт, түссіз, кейде мөлдір болады. Жымдастығы жетілген, қатт. Моос шкаласы бойынша 2 – 2,5, тығызд. 1,65 – 1,7 г/см3, суда оңай ериді. Қазба тұз кендерінде, тұзды көлдерде галит, кизерит, мирабилит, гипспен бірге және кентасты кендердің тотығу белдемінде кездеседі. Э. мата тоқу, былғары, қағаз, қант, фармацевтика, т.б. өндіріс салаларында, медицинада қолданылады.

Үлгі:Суретсіз мақала