Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Селитралар"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Селитралар (латынша sal — тұз, nіtrum — сілті, табиғи сода) — аммоний, натрий, калий, кальций мен барийдің нитраттары. Ең маңыздысы және көп тарағаны — натрий селитрасы (Чили селитрасы). Оның ең көп қоры Чилиде, аз мөлшерде АҚШ, Колумбия, Африка, Аргентина, Орта Азияда кездеседі. Селитралар табиғатта бактериялар әсерінен органикалық қалдықтардың шіруі нәтижесінде түзіледі. Селитралар көбіне азотты тыңайтқыштар ретінде, оқ дәрі жасауда, химия өндірісінде, медицинада, аммиак (аммоний) селитрасы техникада қопарғыш заттар алуда кеңінен қолданылады.

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub Үлгі:Wikify