Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жасауратқыш газ"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жасаурытқыш газ, лакриматор (лат. lacrіma — көздің жасы) — адамдардың жануарлардың көздерінің шырышты қабатын қоздырып, жас ағызатын газ. Жасаурытқыш газдарға құрамында галогендері бар көптеген органикалық қосылыстар жатады. Мысалы, хлорпикрин ССl3NО2, хлорацетон СН3СОСН2Сl, хлорацетофенон С6Н5СОСН2Сl, бромсірке және бромкөмір қышқылдарының эфирлері ВrСН2СООС2Н5, СlСООСН3, бромбензилцианид С6Н5СНВrСN, т. б. Жасаурытқыш газ адамның терісіне, тыныс жолдарына да әсер етеді. Бу күйіндегі бромбензилцианидтің, т.б. ауадағы концентрациясы 1 — 5 мг/м3 көзді өте қатты жасауратады. Осындай қасиеттеріне байланысты 1-дүниежүзілік соғыста хлорпикрин, хлорацетон, т. б. жасаурытқыш газдар қолданылды.


Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify