Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қошқыл теміртас"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Дереккөздерттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Қошқыл теміртас

Қошқыл теміртас – темірдің сулы тотықтарынан құралған минералдарды біріктіретін кентас. Басты минералы: лимонит, гетит, гидрогетит, гематит, гидрогематит, тағы басқа Қошқыл теміртастар әр түрлі хим. қоспалар кіріктіретін гетит немесе лепидокрокит минералдарының жасырын кристалды жаралымдарынан тұрады. Бұлар тассүңгілер мен шайыр, топырақ немесе ұнтақ, жентекті, қуыс-қуысты, лак тәрізді жарғақтар, пизолиттер мен оолиттер түрінде, т.б. агрегаттарды құрайды. Қошқыл теміртас негізінен қоңыр-қошқыл, кейде шым-қай қара түсті, кейде сарғылт түсті болып келеді. Біршама тығыз ақпа агрегаттарының қатт. Моос шкаласы бойынша 4 – 5,5. Агрегаттық жағдайына байланысты менш. салм. кең аралықта (2,7 – 4,3) өзгереді. Жер бетіне жақын деңгейлерде қалыптасады. Сульфидті кендердің тотығу белдемдерінде сульфидтердің псевдоморфозасы түрінде ұшырасады. Ондағы темірдің ең аз мөлш. 30%.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub