Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Енгізу арқылы сұрыптау"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Информатика → Санат:Ақпараттану) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Енгізу арқылы сұрыптау - бұл массивтің сұрыпталмаған бөлігінен сұрыпталған бөлігіне элементтерді енгізу болып табылады. Енгізілген элемент массив бөлігінің сұрыпталуын бұзбау қажет. Ол үшін енгізілген элемент өз орнын тапқанша, сұрыпталған бөлігінің элементтерімен орын ауыстырып отыруы тиіс. Мысалы n элементтен тұратын А сандар массиві берілген. Оны енгізу әдісін қолданып элементтерінің өсуі бойынша сұрыптайық.
Алгоритм
- Өлшемі n болатын А массивін толтыру және экранға шығару;
- i:=2;
- j:=i-1;
- Егер A[j+1]=A[j] болса, онда олардың орындарын ауыстырамыз және j:=j-1, әйтпесе j:=0;
- j:=0 болғанға дейін 3 және 4 қадамдарды қайталау;
- i:=i+1;
- i:=n болғанға дейін 3,4,5,6 қадамдарды қайталау;
Программалау
<source lang="c"> Program Aikesha_lay; Const n=8; var i, j, k: integer; A:array [1..n] of integer; Begin Randomize; Writeln('Берілген сандар массиві:'); For i:=1 to n do Begin A[i]:=Random(30); Write(A[i]:4); end; For i:=2 to n do begin j:=i-1; Repeat If A[j+1]<=A[j] then begin k:=A[j]; A[j]:=A[j+1]; A[j+1]:=k; j:=j-1; end else j:=0; until j=0; end; writeln; writeln('Өсуіне қарай сұрыптау нәтижелері:'); For i:=1 to n do Write(A[i]:4); readln; end. </source>
Дереккөздер
Қолданылған әдебиеттер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Бурин Е. А. Программирование на языке Турбо Паскаль. А., 2000.
- Вирт Н. Алгоритмы инструктуры данных.
- Досмайлов Т. К. Паскаль программалау тілі. А.,1996.
- Кнут Теория алгоритмов.
- Матросов В. Л. Теория Алгоритмов.
- Семашко Г. Л., Салтыков Г. Л. Программирование на языке Паскаль. М.,1988.