Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құранды ядро"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Қазақ ұлттық энциклопедиясы 4 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас р using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Құранды ядро — ядролық реакциялар барысында бөлшектердің ядро-нысанамен бірігуі нәтижесінде түзілетін ядролық жүйе. Құранды ядро орнықты жүйе емес, қысқа уақыт аралығында реакцияның ақырғы өнімдеріне ыдырайды; Құранды ядро моделі бойынша ядроға ұшып кірген нуклон ядролық нуклондармен бірнеше дүркін соқтығысып, өз энергиясын тез арада оларға беріп, ядроны тастап шығуға мүмкіндігі болмай қалады. Осының нәтижесінде құранды ядро деп аталатын ядро+нейтрон жүйесі пайда болады. Құранды ядроның орташа өмір сүру уақыты (10–22—10–21с); бұл шапшаң бөлшектердің ядро орналасқан кеңістікті ұшып өтетін уақытынан көптеген есе артық. Құранды ядроның ыдырауы статистикалық немесе булану моделі бойынша өтеді: қыздырылған сұйықтықтың жеке молекуланы буландыратыны тәрізді ядро нуклонды ығыстырып шығарады.
Тізбектеле өтіп жатқан жедел соқтығысулардың нәтижесінде түскен нуклонның энергиясы ядроның көптеген нуклондарына беріліп, ядро өте жоғары темпеатураға дейін қызады. Одан әрі осындай “ыстық” ядродан “нуклондар” кебе бастайды. Құранды ядроға 1936 ж. алғашқы түсініктеме берген Н.Бор болды. Құранды ядро мен қыздырылған сұйықтықтар арасындағы ұқсастықты айтқан Я.Френкель (1894 — 1952); Құранды ядроның негізгі термодинамикалық теориясын алғаш (1937) дамытқан физиктер Х.Бете (1906 ж.т.) мен америкалық физик-теоретик В.Вайскопф (1908 ж.т.) және кеңес физик-теоретигі Л.Д. Ландау.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>
Дереккөздер
<references/>