Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дерек"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Информатика → Санат:Ақпараттану) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Дерек:
- хабар-ошар. Әдетте, бұрыннан көпшілікке белгілі, таныс нәрсе туралы мағлұматқа, жаңалыққа, т.б. қатысты қолданылады;
- ғылымдағы ізденіс нәтижесі, табылған мәлімет, оқиғалар дәйегі, ғылым дәлел;
- логика мен ғылым методологиясындағы эмпиряилық білімдердің түйіні, айрықша ой қорыту бітімі;
- ЭЕМ-дерде сақталатын мәлімет. Сондай-ақ, арнаулы әдебиетте «заңи дерек» деген тіркесте кездеседі. Ол құқықтық қарым-қатынастардың пайда болып, өзгеруіне не тоқтатылуына себепші жағдаятты бейнелейді. Заңи деректер оқиғаларға, яғни адам еркінен тыс мән-жайларға (зілзала, кесімді мерзімнің өтіп кетуіне, т.б.) және іс-әрекеттерге, яғни адамның өз ырқымен, көбінесе заңсыз жасалатын мән-жайларға (қылмысқа, тәртіп бұзушылыққа, т.б.) бөлінеді.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>