Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Өсімдік қалдықтарының қорымдануы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003 → Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:04, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Өсімдік қалдықтарының қорымдануы - қорымданған, сөйтіп қазба қалдықтар түрінде сақталған өсімдік қалдықтары. Өлген өсімдіктердің ауқымды бөлігі қорымдану кезінде іріп-шіріп жоқ болады, сондықтан олардың кейбір бөлшектері ғана арнаулы жағдайларда қазба күйінде сақталуы ықтимал. Жерүсті өсімдік қалдықтары қорымдануын қаматамасыз ететін аталған арнаулы жағдайларға жататындар: а) өсімдік қалдығының су алабына барып түсуі, сөйтіп оның түптік шөгінділермен (сазбен, құммен т.с.с.) көмілуі; ә) өсімдік қалдықтарының эолдық тасындылармен көмілуі; б) өсімдік қалдықтарының немесе олардың бөліктерінің ақпа шайырлармен тұтылуы, бұл шайырлар кейінірек янтарға айналуы мүмкін; в) өсімдік қалдықтарының жанартау лавалары мен туфтарына көмілуі; д) өсімдіктердің көмірқышқылды кальцийден тұратын қабықшамен тысталуы (әктасты туфтар немесе травертандер); е) өсімдік қалдықтарының жаппай қорымдануы яки үлкен массалар құруы, сөйтіп олардың есебінен таужыныстардың (шымтезектердің, көмірлердің т.с.с.) қалыптасуы.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}