Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Насут"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Насут, адам табиғаты - Арамейден алынған атау. Алғашқыда Әлиді, өз имамдары мен көсемдерін пір тұтып, тәңірлік немесе «тәңірі рухы» Насутқа ауыса алады деп дәлелдейтін «әсіре» шииттер арасында тарады. Бұл атауды шииттерден, шамасы, оған сопылық ілім астарын берген мистик әл-Халладж алған болуы керек. Әл-Халладж насутты әлем үлесінде тәңірдің ең жетілген көрінісі (зухур) деп біледі. Насут пен «тәңір табиғатының» ара қатынасы дәстүршілер мен мистиктер арасында ұзақ ғасырларға созылған айтыс тақырыбы болып келеді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Islam-stub